Жабдықтар жиынтығы

Толық өндіріске қажетті жабдықтар жиынтығы: Тұшпараны пішіндейтін автомат, қамыр жасауға арналған жабдық, фарш жасауға арналған жабдық, және де тұшпараны қатыратын және оны сақтауға арналған жабдықтар. Әлбетте, жабдықтарды орналастыруға арналған орын коммуникациялық және санитарлық талаптарға сай болуы қажет.

Ұн елеуіші МПМ-800. Ұн елеуіші ұнды басқа заттардан тазартуға арналған, рыхления және аэрация, кейін қамырдың жақсы қабаттануын қамтамасыз етеді, пісірілуін жақсартады, ал дайын өнім көлемін үлкейтеді. Ерекшеліктері: • бункерге ұнды тиеуге арналған көтергіш құрылғымен жаблықталған. • магнитті ловушкамен жабдықталған
Қамыр араластырғыш HWT сериялары 40% ылғалдылықта тұшпара, манты, варенники жасауға арналған қамырды араластыру үшін қажет. Бұл машиналар конструкциясы бойынша нан қамырын жасауға арналған машиналардан ерекшеленеді, бірін-бірі алмастыра алмайды. Осындай сериялы қамыр араластырғыштар JGL тұшпара аппараттарымен бір линияда жұмыс істеуге әдейі арналып жасалған.
Фарш араластырғыш. Араластырғыштарда сұйық, сусымалы, сонымен қатар кесек, қамыр тәрізді өнімдер мен ет турамалары араластырылады
Ет тартқыш. Еттен,балықтан және шұжықтан фарш алуға арналған.Еттартқыш алюминий корпустан тұрады, корпуста шнек бекітілген, екі жақты пышақ, решоткалы пышақтар жиынтығы, кескіш пышақтың сақинасы. Корпустың алдыңғы жағында сыртқы резьба бар, оған гайка бекітілген, ал корпустың артқы жағында жетекке бекітуге арналған фланец бар. Әр түрлі ұсақтауға арнал-ған решоткалы пышақтар жиынтығы 3 мм, 5 мм, 9 мм түрлері бар. Машинаның аузында предохранитель орналасқан, ол жұмысшы персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Тұшпараны қаптауға арналған жабдық

Кіші өндірістерде қаптауға фасовкалы-қаптау автоматтарын және өнім салмағын дозалайтын жартылай автоматтар мен рулондық пленкаларды формалауды қолданған дұрыс. Қапшық ретінде әр түрлі полипропилен пакеттерін қолдануға болады. Сондай-ақ бұл пакеттерге өз логотиптеріңізді немесе фирманың атауын жазуға болады. Мұндай қапшықтар мықтылығымен ерекшеленеді, сондықтан тасымалдауға өте ыңғайлы. Дайын және қапталған өнім орта температуралық камераларда сақталады.

JGL-120 / 135-5B / 135- 6A Тұшпара аппараттары

Тұшпара аппаратыет қоспаларынан тұшпара жасауға арналған. JGL-120 және JGL-135 аппараттары конструкциясы бойынша барлық JGL аппараттарының ішіндегі ең қарапайымдары. Аппараттың ең басты ерекшелігі: сенімділік, жоғары өнімділік, қарапайым эксплуатация және техникалық қызмет көрсету болып табылады. Бұл тұшпара аппараттары қазақстандық тұтынушылар арасында үлкен дәрежеге ие. Аппараттар ҚХР сауда министрлігінің "SB 140-83" стандарты бойынша жобаланып, құрастырылып және тексеруден өткен. 1987 жылы Лейпцигте өткен Халықаралық жәрмеңкеде бұл өнім алтын медаль иегері болды. Тұшпара аппаратының жұмыс істеу принципі: Машинаның басты мақсаты – қамырды беру, фаршты беру және тұшпараны формалау. Жұмыс кезінде қамыр бункерге салынады және үздіксіз қамырлы құбыр пайда болу нәтижесінде шнек арқылы сыртқа шығарылады. Сонымен қатар фарш екісатылы сорап арқылы қамыр құбырын толтырады. Ақырғы этапта осы құбыр арқылы қамыр фигуралы ойықтары бар формалау барабанына беріледі. Қамыр формалау барабанына жабыспау үшін аппарат автоматты түрде барабанға ұн сеуіп түрады. Тұшпара аппаратының техникалық мінездемесі
Өнімділік (дана/мин) 135-5B / 135-6A
Өнімділік, кг/сағ> 94-144 97-138
Тұшпараның жеке салмағы, грамм 8-20 10-17 / 8-11
Тұшпара формасы «Ай» «Ай»
Бекітілген қуат, кВт 1,5 кВт 1,5 кВт
Габариттік өлшемдері, мм 990x470x1150 990x470x1150
Жабдық салмағы 160 кг 160 кг
Атауы JGL-120 JGL-135-5B / 135-6A
Бағасы: 340 000 т 350 000 т / 430 000 т.


6098003866665648.html
6098077238994168.html
    PR.RU™